jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Айбек Нұғымаров аудан әкімі болып тағайындалды

    Айбек Нұғымаров
    Айбек Нұғымаров. Фото: gov.kz

    Абай облысы Аягөз ауданының әкімі болып Айбек Нұғымаров тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 25 бабына сәйкес ҚР Президенті әкімшілігінің, Аягөз ауданы мәслихат депутаттарының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Аягөз ауданының әкімі лауазымына Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімі Берік Уәли таныстырған.

    "Аягөз ауданы – облыстағы стратегиялық маңызы бар бірден бір аймақ. Аудан ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және әлеуметтік саланы дамыту үшін жоғары әлеуетке ие. Сонымен қатар логистика мен сауданың дамуына ықпал ететін маңызды көлік қиылысында, яғни, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сол себепті қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, бұл жұмыстардың бәрін жүйелі жолға қойып, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы және лайықты жүзеге асыру аса маңызды.

    Айбек Серікболұлының тәжірибесі жеткілікті. Осы уақыт ішінде өзінің іскерлік және ұйымдастырушылық қасиеттерін таныта білді. Сондықтан артылған сенімді ақтап, Аягөз ауданының жұртшылығымен бірлесе отырып, ауданның одан әрі дамып, гүлденуіне бар күш-жігерін салып, аянбай қызмет етеді деп сенемін", - деді Берік Уәли.

    Айбек Серікболұлы Абай ауданының Құндызды ауылында дүниеге келген.

    Семей мемлекеттік педагогикалық институтын "дене шынықтыру", Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін "заңгер" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын Семей қаласындағы қазақ күресі бөлімінде оқытушы-жаттықтырушы болып бастаған.

    Шығыс Қазақстан облысының жоғары спорт шеберлігі мектептерінде нұсқаушы-әдіскер, қазақ күресінен жаттықтырушы-оқытушы болып еңбек еткен. Алты жылдан астам уақыт Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры болған.

    Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімінің міндетін атқарушы қызметін атқарған.

    Айбек Нұғымаров аудан әкімі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.