jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда жаңа департамент құрылды: оның басшысы болып 34 жастағы Данияр Шәріп тағайындалды

    Данияр Шәріп
    Данияр Шәріп. Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

    Қазақстанда жаңа мемлекеттік құрылым – Су дипломатиясы департаменті құрылды, оның директоры болып Данияр Шәріп тағайындалды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, Су ресурстары және ирригация министрлігінде құрылған жаңа департамент Қазақстанның су дипломатиясы саласындағы жұмысын жүйелі әрі дәйекті түрде жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

    "Департамент трансшекаралық су нысандары бойынша тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық комиссиялардағы еліміздің қызметін үйлестіріп, серіктес мемлекеттермен жүргізілетін келіссөздерді сүйемелдейді. Сонымен қатар су саласындағы мемлекетаралық келісімдерді әзірлеу және іске асыру жұмыстарымен айналысады", - делінген хабарламада.

    Данияр Есенұлы Шәріп 1992 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "гидрология" мамандығы бойынша, сондай-ақ Каспий қоғамдық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану және дамыту басқармасында сарапшы міндетін атқарушы ретінде бастаған. Кейін сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған.

    2019 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаменті Трансшекаралық өзендер басқармасының бас сарапшысы болған.

    2019-2023 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаментінде бас сарапшы, кейін Трансшекаралық өзендер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    2023-2024 жылдары Қазақстан үкіметі Аппаратының бас инспекторы болған.

    2024 жылдан бүгінге дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, кейін осы департаменттің директоры лауазымын атқарған.

    Қазақстанда жаңа департамент құрылды: оның басшысы болып 34 жастағы Данияр Шәріп тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.