jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    АМӨЗ-ге жаңа бас директор тағайындалды: бұл қызметті кім атқарады

    Мұратжан Мұсайбеков
    Мұратжан Мұсайбеков. Фото: t.me/kmgpress

    Мұратжан Мұсайбеков Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттық компанияның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС (АМӨЗ) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры (басқарма төрағасы) лауазымына Мұсайбеков Мұратжан Жүнісбекұлы тағайындалған.

    Жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов таныстырған.

    Мұратжан Мұсайбеков әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жүйесінде түрлі қызметтер атқарған. Атап айтқанда, ҚМГ-ның мұнай-газ өңдеу және мұнай-химиясы жобаларын іске асыру жөніндегі директоры, мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры, "ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг" АҚ бас директорының орынбасары, "KPI Inc." ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған. Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда еңбек еткен.

    ҚМГ басшылығы Атырау мұнай өңдеу зауытының алдына операциялық тиімділікті арттыру, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару көлемін ұлғайту, өндірістік процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігі деңгейін арттыру, экологиялық жобаларды одан әрі іске асыру, сондай-ақ қызметкерлер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде нақты міндеттер қойған. Зауыттың тұрақты және үздіксіз жұмысының маңызы атап өтілген.

    "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес бұған дейінгі кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) Бишімов Қуаныш Ердәулетұлының өкілеттігі тоқтатылған.

    АМӨЗ-ге жаңа бас директор тағайындалды: бұл қызметті кім атқарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.