Тоқаев ҚР Қарулы күштерінде кадрлық ауыс-түйіс жасады
Жарияланған күні:

Әділ Сүбебаев ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ал Қайрат Дәуітов бұл лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Дәуітов ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. Дәуітов бұл қызметке 2024 жылғы 24 қыркүйекте тағайындалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2410715-toqaev-qaruly-kushterde-kadrlyq-auys-tuiis-zhasady/
