jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Шыңғыс Сүйінбаев
    Шыңғыс Сүйінбаев. Фото: gov.kz

    Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Шыңғыс Сүйінбаев тағайындалды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған Ермек Алпысовтың орнына келді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Оның тәжірибелік білімі мен кәсіби дағдылары облыс әкімінің орынбасары қызметінде өз әлеуетін толыққанды жүзеге асыруына септігін тигізетініне сенімдімін", - деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

    Әкімдіктің ресми сайтында хабарланғандай, Шыңғыс Сүйінбаев еңбек жолын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "ҚазМетрИн" РМК жанындағы "Қазақстан салыстырып тексеру қызметі" ЕМК Алматы филиалында 1-санатты маман болып бастаған.

    Кейін тексеру зертханасының меңгерушісі болған.

    Әр жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде, кейін Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде басшылық қызметтер атқарған.

    2022-2023 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

    2023 жылғы қараша айынан бастап жаңа тағайындауына дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары болған.

    Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.