jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Дархан Ахмедиевті қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты

    Дархан Ахмедиев
    Дархан Ахмедиев. Фото: Қазақстан Қорғаныс министрлігі

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қорғаныс министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламада.

    Өмірбаяны

    Қазақстан Қорғаныс министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ахмедиев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін ("Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" мамандығы бойынша) үздік бітірген, "Болашақ" стипендиясының иегері (King's college London (Cyber security).

    Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін біледі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Үйленген, 3 баласы бар.

    Мансап

    Еңбек жолын 2012 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ талдаушысы ретінде бастаған. 2013-2015 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеді. Кейіннен Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.

    2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

    2019 жылы Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне кірісті.

    2020 жылы Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ІТ даму департаментінің директоры болып тағайындалды.

    2022 жылғы 15 сәуірде Қазақстан президентінің Жарлығымен Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

    Тоқаев Дархан Ахмедиевті қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.