jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісін қызметінен босатты

    Сатыбалды Бұршақов
    Сатыбалды Бұршақов. Фото: Солтүстік Македониядағы ҚР елшілігі

    Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Өмірбаяны

    Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшілігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Бұршақов 1968 жылы 24 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы, Первомайск ауылында дүниеге келген. 1985 – 1993 жж. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын тәмамдаған.

    1993 жылы осы институтта, ал кейінірек Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып ауысқан оқу орнында фонетика кафедрасында ағылшын тілінен сабақ берген.

    1994 ж. – Пәкістан Ислам Республикасындағы Исламабад Сыртқы қызмет академиясында оқыды.

    1995 ж. – Нидерланды Корольдігінің Гаага қаласындағы "Клингендаль" Халықаралық қатынастар институтында оқыды.

    Мансап

    1993 ж. қараша - 1995 ж. қыркүйекте – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқармасының референті, атташесі;

    1995 ж. қазан- 2000 ж. қыркүйек – Қазақстанның Мажарстандағы (Болгария, Польша, Румыния, Чехия және Словакияда қосалқы аккредителген) Елшілігінің аташесі, үшінші және екінші хатшысы;

    2000-2002 жж. – Қазақстан СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті Орталық және Шығыс Еуропа бөлімінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, бастығы;

    2002-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі (Нидерланд және Люксембургте қоса аккредиттелген) Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі;

    2007-2011 гг. – Қазақстан парламент сенаты аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;

    2011 ж. қыркүйек - 2012 ж. қаңтар – Қазақстан парламент мәжілісі аппаратының Парламентаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі;

    2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары (Франция);

    2018 – 2019 ж. наурыз. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;

    2019 ж. наурыз – қыркүйекте Қазақстан президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі ;

    2019 ж. қыркүйек – 2024 ж. наурыз. – Қазақстанның Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі;

    2020 қазан - 2024 ж. наурыз - Қазақстанның Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (міндетін қоса атқарушы);

    2024 ж. сәуірден Қазақстанның Солтүстік Македониядағы төтенше және өкілетті елшісі болды;

    Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерін меңгерген. Үйленген, екі баласы, немересі бар.

    Тоқаев Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісін қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.