jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

    Айбек Дәдебай
    Айбек Дәдебай. Фото: "Әділет" партиясының баспасөз қызметі

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділет" партиясының жетекшісі Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағасы лауазымына ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Жоғарыда атап өттім, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек.

    Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны президент ұсынады.

    Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын.

    Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді.

    Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын", - деді президент.

    "Әділет" сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Айбек Дәдебай 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Сондай-ақ аймақтану магистрі дипломы бар. Еңбек жолын 2001 жылы бастаған.

    2011-2013 жылдары – атташе, үшінші хатшы, ҚР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінде қызмет атқарды.

    2013-2019 жылдары – Сенат төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі болды.

    2019-2021 жылдары – Қазақстан президенті канцеляриясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2021-2022 жылдары – Қазақстан президенті Іс басқарушысының орынбасары болды.

    2022-2024 жылдары – Қазақстан президенті Іс басқарушысы қызметін атқарды.

    2024-2026 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің басшысы болды.

    2026 жылғы 7 мамырда "Әділет" партиясын басқаруға кірісті.

    Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.