jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

    Айбек Дәдебай
    Айбек Дәдебай. Фото: Ақорда

    Бүгін бірпалаталы Құрылтай депутаттарының тарихтағы алғашқы отырысы өтті. KAZ.NUR.KZ тілшісінің хабарлауынша, депутаттар Айбек Дәдебайды спикер етіп тағайындауға бірауыздан дауыс берді.

    Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділет" партиясының жетекшісі Айбек Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай төрағасы қызметіне ұсынды. Құрылтай отырысы барысында барлық депутат президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

    "Әділет" сайтындағы мәліметке сәйкес, Айбек Дәдебай 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Сондай-ақ аймақтану магистрі дипломын алған.

    Еңбек жолын 2001 жылы бастады. 2011-2013 жылдары – атташе, үшінші хатшы, ҚР-дың БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінде қызмет атқарды. 2013-2019 жылдары – Сенат төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі болды.

    2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті Іс басқарушысының орынбасары болды. 2022-2024 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің Іс басқарушысы қызметін атқарды.

    2024-2026 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болды. 2026 жылғы 7 мамырда "Әділет" партиясын басқаруға кірісті.

    Құрылтай депутаттарын сайлау

    Еске сала кетейік, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың сәтті әрі мінсіз ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

    27 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың сайланған депутаттарының бірінші шақырылымын ресми түрде тіркеді. Бес саяси партияның атынан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының барлық 145 депутаты тіркеуден өтті.

    Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.