Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды. Құрылтай депутаттары оның кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің кандидатурасын вице-президент қызметіне ұсынғаны белгілі болды.
Құрылтай депутаттары бұл ұсынысты қолдады. Дауыс беруге қатысқан 145 депутаттың 141-і Ерлан Қариннің кандидатурасын жақтап дауыс берді.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2420633-erlan-qarin-qazaqstannyng-vitse-prezidenti-bolyp-tagaiyndaldy/
