Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 31 тамызда Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ақорда мәліметінше, ол бұл қызметті 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап атқарған.
Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы дүниеге келген.
1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
1990-2017 жылдары құқық қорғау (прокуратура органдары, мемлекеттік тергеу комитеті) және арнайы (ұлттық қауіпсіздік органдары) мемлекеттік органдарда қызмет атқарды.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары болды.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының бас прокуроры қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.
1-санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі (2022).
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2420762-gizat-nurdauletov-qazaqstan-qauipsizdik-kengesining-hatshysy-qyzmetinen-bosatyldy/
