jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ринат Мұхаметқали Тоқаев әкімшілігіндегі қызметке тағайындалды

    Ринат Мұхаметқали
    Ринат Мұхаметқали. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Бүгін Ринат Мұхаметқали Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып, KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Өмірбаяны

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ринат Мұхаметқали 1981 жылы туған. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Мансабы

    2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеген.

    2004-2009 жылдары Әділет министрлігінің заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.

    2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.

    2010-2021 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    2021-2022 жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы болған.

    2022-2023 жылдары президент әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.

    2023 жылдың қаңтарынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

    Ринат Мұхаметқали Тоқаев әкімшілігіндегі қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.