jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Сәденовті ІІМ басшысы қызметіне қайта тағайындады

    Ержан Сәденов
    Ержан Сәденов. Фото: ҚР ішкі істер министрлігі

    Ержан Сәденов Қазақстан Ішкі істер министрі қызметінде қалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып, KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Өмірбаяны

    Қазақстан Ішкі істер министрлігі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ержан Сәденов 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы – ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

    I дәрежелі "Даңқ" (2026), I (2024) және II дәрежелі (2018) "Айбын" ордендерімен марапатталған.

    Мансабы

    1993-2009 жылдары ШҚО Ішкі істер бөлімшелерінде аға жедел уәкілден аумақтық департамент басқармасының бастығына дейін қызмет атқарды.

    2009 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау, Ақмола облысы және Нұрсұлтан қ. Көліктегі ішкі істер департаменттері бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарында еңбек етті.

    2022-2023 жылдары – Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары.

    2023 жылдың қыркүйек айынан – Қазақстан ішкі істер министрі.

    Тоқаев Сәденовті ІІМ басшысы қызметіне қайта тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram