Серік Жұманғарин Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметіне қайта тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 3 қыркүйекте Серік Жұманғарин Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып, KAZ.NUR.KZ хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Өмірбаяны
Қазақстан премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының деректеріне сәйкес, Серік Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Мансабы
1993–2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.
2005–2006 жылдары — Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
2006–2007 жылдары — Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
2007–2008 жылдары — Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
2008–2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010–2011 жылдары — "NadLoc жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012–2013 жылдары — Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013–2014 жылдары — Қазақстан өңірлік даму вице-министрі.
2014–2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2017–2019 жылдары — Қазақстан ұлттық экономика вице-министрі.
2019–2020 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).
2020–2022 жылдары — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
2022–2023 жылдары — Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2024 жылғы 21 желтоқсанда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2026 жылғы 3 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
