jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды

    Қанат Бозымбаев
    Қанат Бозымбаев. Фото: t.me/KZgovernment

    Қанат Бозымбаев үкіметтегі өз лауазымын сақтап қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып, KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Өмірбаяны

    Қазақстан премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсындағы мәліметке сәйкес, Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

    Мансабы

    Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастады.

    1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

    1997 жылы — Экономика және сауда министрлігінде сауда-өндірістік бірлестіктің экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

    1997–1998 жылдары — "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" ЖАҚ жиынтық-қаржылық департаментінің басшысы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.

    1998–2000 жылдары — Энергетика, индустрия және сауда министрілігінің мұнай және газ департаментінің директоры.

    2000 жылы — энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

    2001 жылы — KEGOC ААҚ бірінші вице-президенті.

    2001–2007 жылдары — KEGOC ААҚ президенті.

    2007–2008 жылдары — "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ басқарма төрағасы.

    2008–2009 жылдары — KEGOC АҚ басқарма төрағасы.

    2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Жамбыл облысының әкімі.

    2013–2016 жылдары — Павлодар облысының әкімі.

    2016–2019 жылдары — Қазақстан энергетика министрі.

    2019–2021 жылдары — Қазақстан президентінің көмекшісі.

    2021–2022 жылдары — Алматы облысының әкімі.

    2023–2024 жылдары — Қазақстан президентінің кеңесшісі.

    2024 жылғы 31 наурызда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

    2026 жылғы 3 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

    Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram