Мәди Такиев қаржы министрі қызметіне қайта тағайындалды
Жарияланған күні:

Мәди Такиев Қазақстан қаржы министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының қаржы министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Өмірбаяны
Министрлік сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алған.
Үйленген, үш ұлын тәрбиелеп отыр.
Мемлекеттік наградалары: "Ерен еңбегі үшін", "Құрмет" ордені, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Мансабы
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.
2000-2008 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС жұмыс, аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы.
2008-2009 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.
2009-2012 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.
2012-2013 жылдары – Қазақстан ҚМ Салық комитетінің Басқарма басшысы.
2013-2014 жылдары – Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.
2014 жылы – Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.
2014-2017 жылдары – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2017-2019 жылдары – Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.
2019-2020 жылдары – Қ азақстан Ұлттық экономика вице-министрі.
2020-2023 жылдары – Қазақстан президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылғы наурыз - 2024 жылғы 6 ақпан аралығында – VII сайланған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан парламенті мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, Қазақстан парламенті мәжілісіндегі AMANAT партиясы фракциясының мүшесі.
2024 жылғы 6 ақпаннан бастап - Қазақстан Қаржы министрі болып тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2422452-madi-takiev-qarzhy-ministri-qyzmetine-qaita-tagaiyndaldy/
