Ерлан Сәрсембаев Қазақстанның әділет министрі болып қайта тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін Ерлан Сәрсембаев Қазақстанның әділет министрі қызметіне қайта тағайындалды. Мемлекет басшысы оны тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып, KAZ.NUR.KZ хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Өмірбаяны
Министрлік сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген.
Мансабы
1998-2002 жылдары – Қазақстан Қарулы күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет етті.
2002-2005 жылдары – кеңесші, Қазақстан премьер-министрі кеңсесiнің сектор меңгерушісі.
2005-2011 жылдары – бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан парламенті сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2011-2016 жылдары – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде істеді.
2016-2017 жылдары – Қазақстан парламенті сенаты аппаратының бөлім меңгерушісі.
2017-2019 жылдары – Қазақстан парламенті сенаты аппаратының басшысының орынбасары.
2019-2022 жылдары – Қазақстан парламенті сенаты аппаратының бөлім меңгерушісі.
2023-2025 жылдары - Қазақстан Конституциялық сотының судьясы.
2025 жылғы 9 қаңтардан бастап Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан әділет министрі болып тағайындалған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2422466-erlan-sarsembaev-qazaqstannyng-adilet-ministri-bolyp-qaita-tagaiyndaldy/
