jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Мұрат Мұханов Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы атанды

    Мұрат Мұханов
    Мұрат Мұханов. Фото: primeminister.kz

    Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі қызметіне бүгін Мұрат Мұханов тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Өмірбаяны

    Премьер-министрдің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қзақстан ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.

    Мансабы

    Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастады.

    2006 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2014–2017 жылдары — Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.

    2017–2020 жылдары — Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

    2020–2023 жылдары — Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

    2023–2024 жылдары — Қазақстан ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.

    2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан ТЖМ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

    Еске салсақ, Мұрат Мұхановқа дейін Төтенше жағдайлар министрлігін Шыңғыс Арынов басқарған болатын.

    Мұрат Мұханов Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram