jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды

    Арман Шаққалиев
    Арман Шаққалиев. Фото: t.me/KZgovernment

    Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

    Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсындағы мәліметке сүйенсек, Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында туған. 

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1998 жылы Астана және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ашық акционерлік қоғамында заң кеңесшісі болып бастаған. 

    2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігінде, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 

    2004-2006 жылдары "Қазақстан метрология институты" РМК директоры болып еңбек еткен.

    2006-2007 жылдары — Мемлекеттік кірістер министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

    2007-2008 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

    2008-2016 жылдар аралығында "Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарған.

    2016–2018 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры. 

    2018 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалған. 

    2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болған.

    2022 жылғы қарашадан бастап — Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары.

    2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

    2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

    2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram