jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Ерлан Ақкенженовті энергетика министрі етіп қайта тағайындады

    Ерлан Ақкенженов
    Ерлан Ақкенженов. Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

    Ерлан Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Энергетика министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Әділет" жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), "Астана" университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген.

    2025 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде "Энергетикалық бизнесті басқару" мамандығы бойынша MBA бағдарламасы аясында кәсіби қайта даярлау туралы диплом алған.

    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

    Еңбек жолы:

    "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас маманы, Астана қ. (10.06.2002 – 05.06.2003);

    "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас менеджеры, Астана қ. (05.06.2003 – 01.10.2003);

    "ҚазМұнайГаз" сауда үйі» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (01.04.2004 – 21.06.2004);

    Chevron Texaco Global Trading "Қылыш" бағдараламасы бойынша шікі мұнай трейдері, Ұлыбритания (01.07.2004 – 01.02.2006);

    KazMunaiGaz Singapore директоры, Сингапур қ. (01.02.2006 – 01.06.2006);

    "Қазмұнайгаз Сауда Үйі" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (20.06.2006 – 20.03.2008);

    "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС коммерциялық директоры, Ақтөбе қ. (14.02.2008 – 19.01.2010);

    "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ Бас директорының кеңесшісі, Астана қ. (06.09.2011-03.10.2011);

    "ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (04.10.2011 – 04.03.2012);

    Rompetrol Bulgaria Бас директордың орынбасары, Бас директоры, Болгария (13.06.2013 – 12.05.2014);

    "KMG International (Rompetrol)" Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры, Румыния (13.05.2014 – 31.05.2014);

    "KMG International (Rompetrol)" Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры, Румыния (01.06.2015 – 30.11.2015);

    "KMG International (Rompetrol)" Бас директорының кеңесшісі, Румыния (01.12.2015 – 25.03.2016);

    Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдардағы жұмыс (19.09.2016 – 18.03.2020);

    "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы, Астана қ. (18.07.2022 – 20.06.2023);

    Энергетика вице-министрі (21.06.2023 -18.03.2025ж).

    2025 жылғы 19 наурызда мемлекет басшысының жарлығымен Энергетика министрі болып тағайындалды.

    Тоқаев Ерлан Ақкенженовті энергетика министрі етіп қайта тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram