jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Министрлерді тағайындау: Ерсайын Нағаспаев өз қызметінде қалды

    Ерсайын Нағаспаев
    Ерсайын Нағаспаев. Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

    Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Өнеркәсіп және құрылыс министрілінің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Ерсайын Нағаспаев 980 жылы 28 шілдеде Қарағандыда дүниеге келді.

    "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді (2001).

    "ҚТЖ" ҰК" АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарған.

    Министрдің еңбек жолы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманынан (2001-2002) басталды, Сыртқы істер министрлігінің атташесі, Инвестициялар комитетінің атташесі (2002-2003), Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы (2003-2006) қызметін атқарған.

    Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, директордың орынбасары (2006-2007),

    "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК басшысының орынбасары, аппарат басшысы (2007-2009), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Әкімшілік жұмыс, Мемлекеттік жұмыс, Мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары (2009) болған.

    Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі (04.11.2009), Қарағанды қаласы Қазабек би атындағы аудан әкімінің орынбасары (12.2009-12.2010).

    Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі (12.2010-01.2011)

    Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі (01.2011-01.2013) лауазымдарын атқарған. Астана қаласы әкімінің орынбасары (01.2013-11.2014), "Астана" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы (12.2014-2016), "Новострой Астана" ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары (2016-2020), "ҚТЖ" ҰК" АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры (04.2021-01.2022) болып жұмыс істеген.

    Министрлерді тағайындау: Ерсайын Нағаспаев өз қызметінде қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram