jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін атқаруды жалғастырады

    Жұлдыз Сүлейменова
    Жұлдыз Сүлейменова. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз лауазымында қызмет атқаруды жалғастыра береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында Жұлдыз Сүлейменованың өмірбаяны келтірілген. Оған сәйкес, Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Тарих" факультеті бакалавриатын, "Философия және саясаттану" факультетінің магистратурасын және PhD докторантурасын тәмамдаған. Тарихшы-ұстаз, философия және саясаттану магистрі, мәдениеттану PhD докторы.

    2000–2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы.

    2004–2006 жылдары Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы,  жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы.

    2006 жылы "Нұр Отан" ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, "Жас Отан" Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары.   

    2007–2008 жылдары Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназиясында тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.

    2008–2011 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы.

    2011 жылы Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы.

    2011–2012 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Бас ғалым хатшысы.

    2012–2017 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары.

    2017–2019 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінің директоры.

    2019–2021 жылдары Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің директоры.

    2021–2025 жылдары парламент мәжілісінің VІІ, VІІІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшесі.

    "AMANAT" партиясы фракция жетекшісінің орынбасары.

    2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі.

    2023 ж. "AMANAT" партиясы Әйелдер қанатының тең төрағасы.

    2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі.

    2025 жылғы 29 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі.

    Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметін атқаруды жалғастырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram