Тоқаев министрлерді тағайындады: тағы екі министр өз орнында қалды
Жарияланған күні:

Нұржан Нұржігітов пен Ақмарал Әлназарова тиісті ведомстволарға басшылық ете бермек. Президент жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Айта кетейік, Нұржан Нұржігітұлы 1967 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1991 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын "ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық – техникалық университетін "экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.
1988-1996 жж. – Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант, М.Горький атындағы колхозында механик, Төле би атындағы агробірлестігінде бас инженер болып қызмет атқарған.
1996-2008 жж. – Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика басқармасының бас маманы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2008-2011 жж. – Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2011-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы.
2015-2018 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
2018-2019 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
2019-2021 Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі.
2021-2022 жж. – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2022 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 2022 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2023 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Ақмарал Әлназарова да Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымын атқаруды жалғастырады.
Министрліктің ресми сайтының мәліметінше, Ақмарал Әлназарова 1971 жылы Қызылордада дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын "Педиатрия" мамандығы бойынша бітірген, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын Қызылорда қаласының қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігері болып бастаған.
1997-1999 жылдары педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері,
1999-2001 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, бастығының орынбасары,
2001-2003 жылдары Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері,
2003-2004 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы,
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының басшысы,
2007-2013 жылдары Қызылорда медициналық колледжінің директоры,
2013-2014 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары,
2014-2015 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы,
2015-2019 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы,
2019-2020 жылдары «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
2020-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан депутаты,
2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2422545-toqaev-ministrlerdi-tagaiyndady-tagy-eki-ministr-oz-ornynda-qaldy/
