jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды

    Асқарбек Ертаев
    Асқарбек Ертаев. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымында қалатын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Ведомтсвоның ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін,  "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

    Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 

    2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді. 

    2014 жылы – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

    2014-2021 жж. – Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры. 

    2021-2022 жж. – Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

    2022-2023 жж. – Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

    2023-2024 жж. – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.

    2024-2025 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

    2025-2026 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

    2026 жылғы 27 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

    Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram