jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрлігін басқара бермек

    Ербол Мырзабосынов
    Ербол Мырзабосынов. Фото: primeminister.kz

    Мемлекет басшысы Ербол Мырзабосыновты Туризм және спорт министрі лауазымына қайта тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Үкіметтің ресми сайтына сүйенсек, ол 1984 жылы 30 тамызда Семейде дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.

    2007–2008 жылдары – Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы.

    2009–2013 жылдары – Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы.

    2009–2018 жылдары – "Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушы-оқытушы қызметін қоса атқарды.

    2013–2017 жылдары – Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.

    2018–2020 жылдары – "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры.

    2020–2021 жылдары – Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.

    2021–2023 жылдары – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.

    2023–2024 жылдары – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.

    2024 жылғы 2 қыркүйекте президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram