jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Саясат Нұрбекті ғылым және жоғары білім министрі етіп қайта тағайындады

    Саясат Нұрбек
    Саясат Нұрбек. Фото: t.me/mazhilis_kz

    Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда Семейде дүниеге келген.

    Қазақстан және шетелдік деңгейде түрлі салада білім алған: Маршаллтаун колледжін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша, Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша (2004), La Sapienza (Италия) университетін геосаясат магистрі дәрежесінде, "Көкше" академиясын психология бакалавры бойынша тәмамдады.

    АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

    Ал еңбек өтілін студенттік кезден бастаған. АҚШ-та тағылымдамадан өту кезінде Конгресстің Орталық сайлау штабында, сондай-ақ президенттік кампанияда жұмыс істеді.

    • 2000-2001 жылдары Конгрессмен Марк Смит көмекшіcі (АҚШ), Айова штатының үкіметінде (АҚШ) қызмет атқарған.
    • 2002-2004 жылдары Қазақстанның жастар саясатының іске асырылуына белсенді қатысты.
    • 2006-2009 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ инвестициялық жобалар саласында жұмыс істеді, ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр саясаты секторының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі проректоры, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ департамент директоры, кадр саясаты және басқару жөніндегі атқарушы директор болып қызмет атқарды.
    • 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры болып тағайындалды.
    • 2010 жылдың қараша айынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Президенті қызметін атқарды.
    • 2013-2015 жылдары "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат Институтының директоры болып жұмыс істеді.
    • 2015-2016 жылдары Алматы қаласы Әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығының міндетін атқарушысы болды.
    • 2016 жылдың шілдесінен бастап Астана Халықаралық қаржы Орталығының басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
    • МФЦА басқарушы директоры (2016-2017 жж.).
    • BTS Digital директоры, BTS Education бас директоры (2018-2022 жж.)
    • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (25.02.2022 - 14.06.2022 жж.).
    • ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы жарлығымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.
    Тоқаев Саясат Нұрбекті ғылым және жоғары білім министрі етіп қайта тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram