jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мәдениет және ақпарат министрлігіне жаңа басшы тағайындалды: Арман Қырықбаев министр атанды

    Арман Қырықбаев
    Арман Қырықбаев. Фото: Ақорда

    Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Ақорданың ресми сайтындағы ақпарат бойынша, Арман Қырықбаев 2025 жылғы 25 ақпаннан бүгінге дейін Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды.

    Ол 1976 жылы Астана қаласында туған.

    1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) "экономист" мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.

    1997-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.

    2002 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы.

    2002-2005 жылдары – "АВЕ Корпорация" ЖАҚ стратегия және мониторинг департаментінің директоры.

    2005-2006 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры.

    2006-2008 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры.

    2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.

    2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

    2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

    2014-2015 жылдары – "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.

    2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

    2020-2022 жылдары – Nur Otan партиясының хатшысы.

    2022 - 2024 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

    2024-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі.

    2025 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

    Мәдениет және ақпарат министрлігіне жаңа басшы тағайындалды: Арман Қырықбаев министр атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram