jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Эльдар Толғанбаев Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды

    Эльдар Толғанбаев
    Эльдар Толғанбаев. Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

    Эльдар Толғанбаев Қазақстан президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі атанды. Тиісті жарлыққа қол қойылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Үкімет сайтының мәліметінше, Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы қызметінен бастады.

    2005-2006 жылдары – Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

    2006-2008 жылдары Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

    2008-2012 жылдары Қазақстан премьер-министрі канцеляриясының Ақпараттық-талдау орталығында бас консультант және жедел ақпарат секторының меңгерушісі болды.

    2012-2016 жылдары Қазақстан президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары қызметін атқарды.

    2016-2019 жылдары – Қазақстан парламенті мәжілісі төрағасының кеңесшісі.

    2019 жылы жеке құрылымда жұмыс істеді.

    2019-2020 жылдары – "Алматы даму орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

    2020-2022 жылдары – "Almaty" телерадиокомпаниясы" АҚ бас директорының бірінші орынбасары.

    2022-2023 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

    2023 жылы Қзақстан Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

    2023-2024 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

    2024 жылдан бастап Қазақстан үкіметі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    Эльдар Толғанбаев Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram