jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Айдар Садырбаев
    Айдар Садырбаев. Фото: gov.kz

    Айдар Садырбаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол өңірдің әлеуметтік блогына, ішкі және ақпараттық саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

    Ведомствоның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, президент әкімшілігінің келісімі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың өкімімен Садырбаев Айдар Серікқазыұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Бүгін аймақ басшысы жаңа орынбасарын ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

    Садырбаев Айдар Серікқазыұлы – 1986 жылы 25 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

    2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Тарих" мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастаған.

    Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, AMANAT партиясының облыстық филиал төрағасы, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ішкі саясат басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.

    Айдар Садырбаев жаңа қызметінде өңірдің әлеуметтік блогына, ішкі және ақпараттық саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram