jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Конституциялық сот төрағасын тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ресми сайтының мәліметінше, Эльвира Азимова 1973 жылы 15 ақпанда дүниеге келген.

    1996 жылы халықаралық заңгер мамандығы бойынша Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмәмдаған.

    Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастаған.

    1996 жылдан 1999 жылға дейін Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші, бас кеңесшісі болған.

    1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқармалары бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.

    2005 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры лауазымдарында жұмыс істеген.

    2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры, 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары қызметін атқарған.

    2019 жылдың 2 қыркүйегінен осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

    Эльвира Азимова Конституциялық сотының төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды.

    Тоқаев Конституциялық сот төрағасын тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram