jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

    Ержан Ерболұлы Ертаев
    Ержан Ертаев. Фото: primeminister.kz

    Үкімет қаулысымен Ержан Ерболұлы Ертаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ержан Ертаев 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Инновациялық Еуразия университетін, Анхальт қолданбалы ғылымдар университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2009 жылы жеке құрылымда электр механигі болып бастаған. 

    2009-2013 жылдары – Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Энергетика бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

    2013-2014 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басқармасының бас сарапшысы, басшысы.

    2015-2018 жылдары – Энергетика министрлігінің Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшысы.

    2018-2020 жылдары – Энергетика министрлігі комитеті төрағасының орынбасары.

    2020-2021 жылдары – Павлодар облысы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.

    2021-2022 жылдары – "Самұрық-энерго" басқарма төрағасы аппаратының басшысы.

    2022-2023 жылдары – "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС бас директоры.

    2023-2024 жылдары – Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

    2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

    Жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram