Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен бүгін, 23 қыркүйекте, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына мына тұлғалар тағайындалды:
- Азамат Мақсотұлы Айманакумов;
- Михаил Михайлович Бортник;
- Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман;
- Әсел Болатқазықызы Жанәбілова;
- Ләззат Кенесқызы Сүйіндік;
- Шавхат Әнесұлы Өтемісов.
Айта кетейік, бұған дейін президент Конституциялық соттың судьяларын тағайындаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2431815-toqaev-ortalyq-sailau-komissiiasynyng-mushelerin-tagaiyndady/
