Дәулет Бекманов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады – бұл қызметке Дәулет Бекманов келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Нысанхұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сайтының мәліметінше, Бекманов 2004 жылы "Мирас" жекеменшік университетін "Информатика" мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы М.Ә. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы "Медиа Софт Астана" ЖШС-да инженер-жүйелі техник қызметінде бастаған.
2006 жылғы қазан - 2011 жылғы қазан аралағында - Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ақпараттық архивтік технологиялар бөлімінің маманы, "Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы" ЖШС жетекші маманы, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бас аналитигі болып жұмыс істеді.
2011 жылғы қазан - 2018 жылғы қыркүйек аралығында Байланыс және ақпарат министрлігінде, Көлік және коммуникациялар министрлігінде, Байланыс және ақпарат агенттігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде және Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.
2018 жылғы қыркүйек - 2020 жылғы ақпан аралығында – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2020 жылғы ақпан - 2023 жылғы мамыр аралығында – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы.
2023 жылғы мамыр - 2025 жылғы шілде аралығында – "Қазпошта" АҚ-ның Пошта сервисі мен мемлекеттік қызметтер жөніндегі басқарушы директоры.
2025 жылғы 2 шілдеден бастап "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2432473-daulet-bekmanov-qorganys-ministrining-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
