Қазақстан Халық Кеңесі: Ерлан Қошановтың орынбасарлары тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды консультативтік органның хабарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының өкіміне және "Қазақстан Халық Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.
Көп ұзамай, дауыс беру нәтижесі бойынша ҚР парламенті мәжілісінің экс-төрағасы Ерлан Қошанов ресми түрде Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2432693-qazaqstan-halyq-kengesi-erlan-qoshanovtyng-orynbasarlary-tagaiyndaldy/
