Тоқаев Айдар Жарылғановты қызметінен босатты
Жарияланған күні:

Айдар Жарылғанов Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айдар Төлетайұлы Жарылғанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кету керек, Айдар Жарылғанов 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
1999 жылы – «Семей» Мемлекеттік университетін; 2001 жылы – «Әділет» Жоғары құқық мектебін аяқтаған.
2001 – 2007 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде және ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде еңбек еткен.
2007 жылдан бастап – 2019 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2019 жылғы сәуірден бастап 2023 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2023 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2020 ж.), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2013 ж.) марапатталған.
https://kaz.inform.kz/news/aydar-zharilganov-kizmetnen-bosatildi-67215c4a
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2437585-toqaev-aidar-zharylganovty-qyzmetinen-bosatty/
