jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азамат Есқараев Президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

    Азамат Есқараев
    Азамат Есқараев. Фото: ҚР СІМ

    Азамат Есқараев ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

    Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    ҚР Үндістандағы елшілігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Азамат Есқараев 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академисын бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастаған, кейін осы министрлікте түрлі лауазымдарда жұмыс істеген, оның ішінде Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры болған.

    2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, 2006-2007 жылдары "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеген.

    2014-2023 жылдары ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметін атқарған.

    2023-2025 жылдары Әділет министрлігін басқарған.

    Жаңа тағайындауға дейін Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі болған.

    Азамат Есқараев Президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram