jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Айдар Жарылғанов жаңа лауазымға тағайындалды

    Айдар Жарылғанов
    Айдар Жарылғанов. Фото: t.me/ukimet_points

    Айдар Жарылғанов бүгін әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айдар Төлетайұлы Жарылғанов Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі болып тағайындалды.

    Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ол 1978 жылы Абай облысы Семей қаласында дүниеге келген. "Семей" мемлекеттік университетін, "Әділет" жоғары құқық мектебін бітірген.

    Еңбек жолын 1999 жылдың маусымында Астана қаласы "Ақ Орда" жобалау-құрылыс компаниясы ЖШС инженері болып бастаған.

    2001–2002 жылдары – Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заң департаментінің жетекші маманы.

    2002–2007 жылдары – Қаржы министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

    2007–2008 жылдары – Президент әкімшілігі Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы.

    2008–2023 жылдары Президент әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі болып қызмет етті.

    2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 

    Президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Айдар Жарылғанов жаңа лауазымға тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram