jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды

    галстугын жөндеп жатқан ер адам
    Галстугын жөндеп жатқан ер адам. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Бүгін, 5 қазанда Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Айдар Әбілдабеков пен Батырбек Әбдішев вице-министр қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкіметтің Telegram-арнасы Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылғанын хабарлады.

    Айдар Әбілдабеков
    Айдар Әбілдабеков. Фото: t.me/ukimet_points

    Айта кетейік, ол бұл қызметке 2025 жылдың тамызында тағайындалған. Оған дейін ҚР Статистика агенттігінде жұмыс істеп, Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы және төраға орынбасары қызметтерін атқарған.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Батырбек Қадырбекұлы Әбдішев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды.

    Батырбек Әбдішев
    Батырбек Әбдішев. Фото: Ақорда

    Ол әр жылдары арнаулы мемлекеттік органдарда, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған. 2024 жылдың сәуірінде Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалған болатын.

    Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram