Тоқаев Қазақстан Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Қазақстан президенті баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми арнасында.
Еске салсақ, бұған дейін бұл қызметті 2024 жылдың қаңтарынан бері Айдос Мырзахметов атқарып келген болатын. Ол 2026 жылғы 27 қыркүйекте Каспийдегі трагедиядан кейін Қазақстан Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2440861-toqaev-qazaqstan-arnaiy-operatsiialar-kushterining-qolbasshysyn-tagaiyndady/