jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Арман Әбдірәсілов пен Азамат Дүйсембековті Қауіпсіздік кеңесі аппаратындағы лауазымдарға тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюда
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Арман Әбдірәсілов пен Азамат Дүйсембековті Қауіпсіздік Кеңесі аппаратындағы лауазымдарға тағайындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының өкімдерімен:

    • Арман Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
    • Азамат Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

    Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Әбдірәсіловті 2025 жылы Қауіпсіздік Кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындағанын хабарлағанбыз.

    Ал биыл тамыздың соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесі аппараты дербес меморган ретінде құрылды.

    Жаңа мемлекеттік органның басшысы болып Мұрат Баймұқашев тағайындалды.

    Тоқаев Арман Әбдірәсілов пен Азамат Дүйсембековті Қауіпсіздік кеңесі аппаратындағы лауазымдарға тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram