jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мәдениет экс-вице-министрі Кочетов Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды

    Евгений Кочетов
    Евгений Кочетов. Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

    Евгений Кочетов Президент әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Евгений Кочетов 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

    Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

    2009-2013 жылдар аралығында "Жас Отан" ЖҚ және "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінің кеңесшісі, сарапшысы, консультанты болған.

    2013-2014 жылдары – "Цесна Корпорациясы" АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы.

    Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

    2016 жылы – "Қазконтент" АҚ-ның Kaztube.kz жобасының жетекшісі.

    2016-2017 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

    2017-2018 жылдары – "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы.

    2018-2019 жылдары – "Нұр Отан" партиясының стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары.

    2019-2020 жылдары – "Рухани Жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.

    2020 жылғы қаңтардан 2022 жылғы сәуірге дейін "Медиа Даму қоры" корпоративтік қорының бас директоры болған.

    2023 жылғы ақпаннан 2023 жылғы тамызға дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, 2023 жылғы қарашадан бастап мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

    Мәдениет экс-вице-министрі Кочетов Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram