jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Шапағат Әзірханов
    Шапағат Әзірханов. Фото: instagram.com/aktau_akimdigi

    Ақтау әкімінің жаңа орынбасары болып бұған дейін Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шапағат Әзірханов тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақтау әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, Шапағат Әзірханов 1990 жылы 22 қазанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында туған. Жоғары білімі бар.

    Еңбек жолын 2007 жылы "Ағния" ЖШС-де оператор-бағдарламашы қызметінен бастаған. 2008-2010 жылдары осы мекемеде экономика жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген.

    2011-2017 жылдары Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жетекші және бас маман қызметтерін атқарды.

    2017-2022 жылдары аталған басқармада ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімінің, салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің басшысы, сондай-ақ басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

    2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болды.

    2023 жылы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің берешектермен жұмыс бөлімін басқарды.

    2024-2025 жылдары "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамында, кейін Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде жұмыс істеді.

    2025 жылғы 4 тамыздан бастап бүгінге дейін Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram