jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Маңғыстау облыстық ПД-ға жаңа бастық тағайындалды

    Амангелді Досжанов
    Амангелді Досжанов. Фото: Маңғыстау облыстық ПД

    Маңғыстау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл қызметке Амангелді Досжанов келді, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Амангелді Досжанов ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін бітірген. Еңбек жолын тергеу бөлімшелерінен бастаған.

    Маңғыстау ауданының ІІБ бастығы, Мұнайлы ауданының ІІБ бастығы, Жаңаөзен қалалық ІІБ бастығы қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары және Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары болған.

    Жаңа тағайындауға дейін ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram