Шыңғыс Оразалимов "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болып сайланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жаңа басшысы сайланды. Бұл қызметке Шыңғыс Оразалимов келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қазандағы директорлар кеңесінің шешімімен Шыңғыс Айдарбекұлы Оразалимов "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болып сайланды.
Шыңғыс Оразалимов 1994 жылы 23 қаңтарда туған. Цифрлық технологиялар, өнімдерді басқару, стратегиялық даму және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында тәжірибесі бар.
2015 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша, 2017 жылы "жобаларды басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы қарашада digital-маман ретінде бастаған. 2014 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың маусымы аралығында "Smart Digital Consulting" ЖШС, "KulanOil" ЖШС, "Қазпошта" АҚ, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС, "Астана" халықаралық қаржы орталығы" АҚ Финтех хабында және "Toolpar" ЖШС-де қызмет етті.
2019 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қаңтарына дейін "BTS Digital" ЖШС-де өнім менеджері лауазымын атқарды.
2022 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-та жұмыс істеді, онда аппараттың стратегиялық даму департаментінің директоры, фронт-офистерді үйлестіру департаментінің директоры және басқарманың цифрландыру офисінің жоба басшысы лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың маусымына дейін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ басқарма аппаратының IT жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.
2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың сәуіріне дейін – "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2024 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov Development жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2449862-shynggys-orazalimov-ulttyq-aqparattyq-tehnologiialar-aq-basqarma-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/