jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңа вице-министр келді

    Айнұр Әбдірахманова
    Айнұр Әбдірахманова. Фото: gov.kz

    Айнұр Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Ақмола облысы Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастаған.

    2007–2008 жылдары — Ақмола облысы Целиноград ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы, бастығының м.а., бастығы.

    2008–2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

    2014–2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті әлеуметтік қолдау басқармасының бас сарапшысы.

    2017–2020 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

    2020–2022 жылдары — "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарма басшысы, бас сарапшысы.

    2022–2024 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменті директорының орынбасары.

    2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметін атқарды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram