Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін өңірдің энергетика және ТКШ басқармасын басқарған Айдұлат Кенжебеков келді, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Айдулат Кенжебеков 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
2008 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып бастаған.
2008-2010 жылдары осы басқарманың жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары бөлім бастығы, 2011-2019 жылдары басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019-2022 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болған. 2022 жылғы желтоқсаннан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Қала әкімі Данияр Таханов жаңа орынбасарына тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді шешу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2455079-atyrau-akimining-zhanga-orynbasary-tagaiyndaldy/