jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Асан Ескендіров Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды

    Асан Ескендіров
    Асан Ескендіров. Фото: facebook.com/constcouncil.kz

    Құрылтай депутаттары пленарлық отырыста президенттің Асан Ескендіровті Жоғарғы соттың судьясы лауазымына сайлау туралы ұсынымын қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының ұсынымын Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов енгізді.

    "Асан Қайроллаұлының тәжірибесі мол. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы барлық сот сатысында жұмыс істеді. Еңбек жолын аудандық соттың судьясы қызметінен бастап, кейін Ақмола және Павлодар облыстарының ауданаралық экономикалық соттарын басқарды.

    Облыстық соттың судьясы болып жұмыс істеді, Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына жетекшілік етті. 2016-2022 жылдары 7 жыл бойы Жоғарғы соттың судьясы болды. 4 жылға жуық уақыт Конституциялық соттың судьясы қызметін атқарды", - деп атап өтті ол.

    Депутаттар ұсынымды бірауыздан қолдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram