jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АС
    Акырыс Сейтказы
    Бұрынғы қызметкер

    Тамара Дүйсенова әкесінің аты неге екі түрлі жазылатынын түсіндірді

    : UGC

    Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың ресми өмірбаянында Тамара Босымбекқызы деп жазылған. Алайда кейбір ақпараттарда ол Тамара Қасымқызы деп көрсетіледі.

    Министрдің әкесінің аты-жөні неге екі түрлі жазылады? Тамара Дүйсенова осы құпияның сырын ашып берді деп жазады oinet.kz.

    "Осы сұрақ менің алдымнан жиі шығады", - деген министрдің айтуынша, оның әкесінің азан шақырып қойған есімі Қасым.

    "Қазақтарда келіні қайынағаларының атын атамайтын дәстүр бар. Болмаса келіндері оны басқаша атайды. Қысқасы, мен дүниеге келген ауылдық кеңесте әкемнің келіні хатшы болып жұмыс істейді екен. Отбасында бала туылған сайын әкем куәлік алу үшін ауылдық кеңеске келеді. Келіні баланың әкесінің аты-жөнін отбасыда қалай атаса, солай жазып бере салады екен. Сол себепті әкемнің келіні ауылдық кеңесте хатшы болып істеген жылдары менің отбасымда дүниеге келген екі перзент Босымбекқызы болып жазылып кетіпті. Бірақ мен әкемнің шын есіміне арқа сүйеймін. Сондықтан дұрысы Қасымқызы болады", - дейді Тамара Қасымқызы.

    Тамара Дүйсенова 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-экономист. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген.  Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.

    Тамара Дүйсенова әкесінің аты неге екі түрлі жазылатынын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.