jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жынымды келтірмеңізші": Вице-министрдің журналиске берген жауабы қызу талқыға түсті (видео)

    : Twitter

    Әлеуметтік желіде Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің тарифке қатысты сұрақ қойған тілшіге берген жауабы қызу талқыға түсті. Шенеуніктің ашуға беріліп айтқан сөздеріне желі қолданушылары наразылық білдірген деп жазады NUR.KZ.

    Фото: Видеодан кадр/ Facebook
    Фото: Видеодан кадр/ Facebook: Twitter

    Вице-министр тарифтер туралы қойылған сұраққа жауап беруден бас тартқан.

    "Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте тарифтер туралы айттым. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер", - деді ол.

    Осы тұста Жұманғарин екінші тілшінің шағын және орта бизнес туралы қойған сауалына жауап беруге қарсы емес екенін айтты.

    " Әрине. Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф туралы сұрауға келдіңіздер ме? Маған арнайы келіңізші, мен сізге тариф туралы басынан аяғына дейін барлығын айтып берейін. Жынымды келтірмеңізші", – дейді вице-министр.

    Бұл видеоны көрген желі қолданушылары шенеуніктің сөзіне наразылық білдірген. Олар журналистің кез келген жерде кез келген сұрақ қоюға құқығы бар екенін алға тартқан.

    "Жынымды келтірмеңізші": Вице-министрдің журналиске берген жауабы қызу талқыға түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram