jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Танымал қоғам қайраткері Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

    : UGC

    Танымал қоғам қайраткері Амангелді Айталы Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы пікірімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ
    Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ: UGC
    "Нұрсұлтан Әбішұлының қызметтен кетуі қазақстандықтар үшін күтпеген жаңалық болды. Мен үшін де солай. Дегенмен Нұрсұлтан Әбішұлы үшін бұл қызметтен кетуі өте күрделі шешім деп ойлаймын. Ел басқарған адамның қызметі де, оның қызметтен кетуі де үлкен парасат, үлгі. Нұрсұлтан Әбішұлының қызметтен кетуі ерте емес, не кеш емес. Біз қимасақ та осы қызметтен кетті.
    Екінші бір айта кететін жағдай Нұрсұлтан Әбішұлы "Мен билік басында 30 жыл болдым, Қазақстанды басқардым" деді. Қазақ тілмен айтсақ қай жұмысқа да, қай салаға да қанағат деген сөз бар. Үлкен қанағатшылдықтың үлгісі болды. Сонымен бірге Нұрсұлтан Әбішұлы әлі саясатта. Өзінің қызметін жалғастыра береді. Елге өзінің ақыл-тәжірибесімен ықпал етеді, бөліседі.
    Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы әр уақытта біздің тұңғыш президентіміз, дербес, тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы тұлға болып қала береді. Тарихта бұл кезең Нұрсұлтан Назарбаев  заманы деп аталатыны сөзсіз", - деді қоғам қайраткері Амангелді Айталы.

    Естеріңізге сала кетейік, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға видео-үндеу жариялаған болатын. Ол үндеу барысында президент өкілеттілігін тапсыратынын мәлімдеді.

    Сондай-ақ Астанада палаталардың бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы алдында ант қабылдап, президент қызметіне кірісті.

    Танымал қоғам қайраткері Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.